EURASIAN AGRICOM 2023

EURASIAN AGRICOM халықаралық конференциясының көктемгі сессиясы 2023 жылғы 15-16 наурызда өтеді. Өтетін орны: Астана қаласы, Сауран көшесі, 46, Hilton Astana қонақ үйі. Іс-шараға конференцияның gmskz.com ресми сайтында тіркелуге болады.

EURASIAN AGRICOM бағдарламасында - астық және ұн, майлы дақылдар және оларды қайта өңдеу өнімдері нарықтарының ағымдағы жай-күйін бағалау. Сондай-ақ, конференцияға қатысушылар көктемгі егіс науқанына дайындықты талқылайды.

Дәстүрлі презентациялар блогымен қатар, EURASIAN AGRICOM қатысушыларына АӨК түрлі салаларының жетекші сарапшыларымен диалог жүргізу үшін бес бейінді алаң ұсынылады.

ElDala.kz порталы - конференцияның бас медиа-серіктесі.