Ресейде бидай экспортына баж салығы қайта белгіленді
Төрт аптаның нөлдік деңгейінен кейін Ресейдегі бидайға экспорттық баж 6 тамыздан бастап тоннасына 19,4 рубльді құрайды. Еске сала кетейік, баж мөлшері экспорттық келісімшарттардағы валюта бағамдары мен бидай бағасына байланысты апта сайын қайта есептеледі.
Қазіргі уақытта «СовЭкон» аналитикалық орталығының мәліметі бойынша, Қара теңіз порттарында 12,5% протеині (4-сынып) ресейлік бидай үшін сатушыларға 17 мың рубль/тонна, ал сатып алушылардан тоннасына 237 доллар (FOB) сұралуда.
Сейсенбі, 5 тамыздағы сауда-саттық қорытындысы бойынша АҚШ биржасында қыркүйектегі бидай фьючерстері бір бушель үшін 5,0863 (тоннасына 187) доллар тұрады. Бір айда бағаның төмендеуі 8%-дан асты.
Қазақстанда соңғы аптадағы баға деңгейі тұрақты. Еуразиялық сауда жүйесі биржасында 5 тамызда жалғыз мәміле жасалды. Hi - pro бидай (желімшесі 30%) 125 мың теңге/тонна бағамен сатылды (ҚҚС бағасы, EXW жеткізу шарты-элеватордан).
4-сыныпты бидай тоннасына 90 мың теңге, қатарлы «үштік» (желімшесі 23%) - тоннасына 94 мың теңгеден ұсынылады, алайда сатып алушылар әлі жоқ.