24 августа 2021
Элеваторлар
Сатып алушылар үшін бір тонна бидайға 90 мың теңге төлеу қымбат болуда
Өткен аптада сатушылар Еуразиялық сауда жүйесі биржасында 3 сыныпты бидайды өткізе алмады. Себебі – мұндағы өнімдердің бағасы тым жоғары.
20 тамыз, жұма күні сауда-саттыққа 3 сыныпты 2 мың тонна бидай шығарылды. Бидайдың ұсынылған баға – әр тонна үшін 90-нан 93 мың теңге аралығында болды.
Алайда, бұл биржада жалғыз сатып алушы тоннасына 87,5 мың теңге ұсынды. Тараптар келісімге келе алмады және мәміле жасалмады.
Айта кетейік, ұқсас лоттың соңғы сатылымы 4 тамызда тоннасы 89,5 мың теңге бағамен өтті. Жаңа егін жинау басталысымен сатып алушылар бағаның төмендеуін күтіп отырғаны түсінікті жағдай.