СҚО өзін қарақұмықпен толықтай қамтамасыз ете алады
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов жұмыс сапарымен Петропавлдағы жаңа астық зауытында болды. Бұл туралы аймақ басшысының баспасөз қызметі хабарлады.
Құмар Ақсақалов зауытқағы өнімдерге ерекше назар аударды. Аталған зауыт дәнді дақылдардың 12 түрін шығарады, олардың 6-сы жергілікті шикізаттантан жасалады. Бұл қарақұмық, жарма, арпа, жасымық, бұршақ және арпа жармасы. Жергілікті дәнді дақылдар бағасы импорттық жармаларға қарағанда орташа есеппен 20 %-ға төмен.
Облыстық билік органдарының жарма өндірісін ұлғайту және аймақтың қажеттіліктерін, атап айтқанда, қарақұмық өнімдерімен толығымен қамтамасыз ету жөніндегі жоспарлары бар.
«Өткен жылы біз 1,8 мың гектар алқапқа қарақұмық ектік. Биыл егін көлемі 5 мың гектарға жетеді. СҚО сұранысы 4 мың тонна. Біз аймақтың қарақұмыққа деген қажеттілігін толығымен қамтамасыз ете аламыз. Зауыт толықтай жұмыс істейтін болады», — деді облыс әкімі.
Қазақстанда қарақұмық жармасының бағасы үнемі өсіп келе жатқанын байқауға болады. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2020 жылдың сәуірінде алдыңғы аймен салыстырғанда Қазақстандағы қарақұмық жармасы 0,5%-ға, жыл басынан бері — 15,6%-ға, ал бір жыл ішінде (2019 жылдың сәуіріне) — 23,5%-ға өскендігін аңғаруға болады.