21 мая 2020 Қазақстан

Қазақстанның оңтүстігінде шегірткеден тазарту шаралары басталды

Қазақстанда Марокко шегірткелерінің таралу ошақтары анықталып, одан қорғану шаралары жасала бастады. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Бірінші қорғаныс шаралары республиканың оңтүстік аймақтарында 10 сәуірде басталды. Түркістан және Жамбыл облыстарында 143 мың гектар жерде Марокко шегірткесі табылды. Бүгінгі таңда жәндіктер мекендейтін аумақтың 67%-дан астамы дәрі-дәрмекпен өңделді», — деп хабарлады департаменттен.

Басқа аймақтарда химиялық заттармен өңдеу жұмыстары шегіртке зиянкестерінің таралуына байланысты жүргізілетін болады.

Көрші мемлекеттермен шекаралас аумақтарда бірлескен шекаралық тазарту жұмыстары  жүргізіледі. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің мамандары Ресей Федерациясынан, Қытайдан және Өзбекстаннан келген әріптестерімен алдын ала келісім жасаған болатын.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметі бойынша, 2020 жылы республикада шегірткелердің үйірімен таралуы салдарынан 824 мың га алқап зиян шегеді деп күтілуде. Осы болжамдарға сәйкес, өткен жылы Ауыл шаруашылығы министрлігі зиянкестермен күресу шараларына ауқымды түрде дайындық жүргізген болатын. Республикалық және жергілікті бюджеттерден 1,5 миллиард теңге бөлінді, оған әртүрлі пестицидтер, препараттар сатып алынды, сондай-ақ зиянкестер таралады деп болжанған аумақта химиялық өңдеу шаралары жасалатын болады.

Ауыл шаруашылығы министрлігі мамандарының айтуынша, республика бойынша GPS навигаторлары мен трекерлерді қолдана отырып, шегіртке зиянкестерінің ошақтарын іздеу бойынша шамамен 40 миллион гектар жерді тексеріп, бақылау жоспарланған.