02 сентября 2022
Қазақстан
Серік Жұманғарин сауда және интеграция министрі болып тағайындалды
Президенттің Жарлығымен Серік Жұманғарин Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Жұманғарин 15 тамыздан бастап сауда министрлігі басшысының міндетін атқарушы болып, Бақыт Сұлтановты осы лауазымға ауыстырды.
Бүгін Мәжілістің экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті аталған лауазымға тағайындау үшін Серік Жұманғариннің кандидатурасын мақұлдады.