19 октября 2022 Қазақстан

Қазфосфат аммофос өндіретін жаңа цехты іске қосты

"Қазфосфат" ЖШС Тараз филиалы минералды тыңайтқыштардың жаңа цехын ашты. Жобаның құны-72 млрд теңге, цехтың қуаттылығы жылына 1 млн тонна минералды тыңайтқышқа жетеді. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Бүгін біз ең көп сұранысқа ие тыңайтқыштардың бірі – аммофос өндірісінің екінші желісін іске қостық. Осы жобаны табысты іске асырудың арқасында алдағы жылы қазақстандық аграрийлердің аммофосқа деген қажеттілігін толық қанағаттандыру жоспарлануда. Өз кезегінде, бұл елдің азық – түлік қауіпсіздігіне сыртқы факторлардың әсерін азайтуға мүмкіндік береді", - деді ИИДМ басшысы Қайырбек Өскенбаев өндірістің ашылуында.

Ведомствода мемлекет басшысы ішкі нарықты өз тыңайтқыштарымен 100% қамтамасыз ету міндетін қойғанын еске салды.

Қазфосфаттың меншігінде өндіруден бастап фосфаттарды жеткізуге және оларды түпкілікті өнімге өңдеуге дейінгі толық өндіріс желісі бар. Зауыттың негізгі өндірістік қуаты Жамбыл облысында шоғырланған. Бүгінгі таңда компания өндірілетін өнімдердің кең ассортиментін ұсынады, соның ішінде минералды тыңайтқыштар, сары фосфор, натрий триполифосфаты, аммофос, жемшөп трикальций фосфаты, термиялық ортофосфор қышқылы, трикальций фосфаты және т.б. компания өнімдерінің 91% Еуропаға, ТМД-ға, Үндістанға және басқа да сыртқы нарықтарға экспортталады.