Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында түнде үсік жүреді деп күтілуде
Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында сенбі және жексенбі түндері аяз болады деп болжам айтылуда. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады.
6-7 маусымға қараған түні Алматы облысының солтүстік-шығысында және Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде топырақ беті қатып, 1-3 градус аяз болып, дауыл тұрады деп ескертілді.
Сонымен қатар, 6 маусымда Ақтөбе және Маңғыстау облыстарында күн күркірейді. Түнде Шығыс Қазақстан облысының таулы аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, қарлы жауын), кей жерлерде тұман болады. Найзағай және бұрқасын болып, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.
Атырау облысында да 6 маусымда түнде кей жерлерде найзағай күркіреп, күндіз шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан соққан жел, түнде секундына 15-20 метр жылдамдыққа дейін жетеді.
Сенбі күні Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады, шығыстан жел соғып, екпіні секундына 25 метрге жетеді.
Қызылорда облысында секундына 15-20 метр жылдамдықпен шаңды дауыл соғады.
Сонымен қатар, Қазгидромет 6-8 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Алдағы күндері республиканың басым бөлігінде ауа-райын бірқалыпты етіп сақтайтын солтүстік облыстардан тұрақты антициклон келеді. Солтүстік және орталық облыстарда температура түнде 5-10-нан 10-15 градусқа, ал күндіз 18-23-тен 25-30-градусқа дейін көтеріле бастайды.
Қазақстанның батысы мен шығысында ауа райы тұрақсыз болады, кей жерлерде өткінші жаңбыр және бұршақ жаууы мүмкін. Кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстікте және оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады деп күтілуде.