AgriTek/FarmTek Astana көрмесі наурыз айында Expo-орталықта өтеді
AgriTek/FarmTek Astana'2023 ауыл шаруашылығының XVIII Халықаралық мамандандырылған көрмесі елордалық EXPO орталығында 29-31 наурыз аралығында өтеді. Ұйымдастырушы TNT EXPO компаниясы болып табылады.
AgriTek/FarmTek Astana'2023-те ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтары, қосалқы бөлшектер, суару және тыңайтқыш технологиялары, тұқымдар мен көшеттер, тыңайтқыштар, өсімдіктерді қорғау құралдары, құс және мал шаруашылығына арналған жабдықтар мен технологиялар, мал азығы, ветеринариялық технологиялар және басқа да өндіріс құралдары ұсынылатын болады.
Мұнда Ұлыбритания, Германия, Дания, Израиль, Италия, Қазақстан, Қытай, Нидерланды, Польша, Ресей, АҚШ, Түркия, Украина, Франция және басқа елдерден 200-ден астам компания өз өнімдерін ұсынады.
Экспозициядан басқа іскерлік бағдарлама: ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша конференциялар, семинарлар және дөңгелек үстелдер пысықталуда.
Көрме EXPO-да 11 мың шаршы метр алаңда және Орталықтың сыртқы алаңында орналасады. Жыл сайын бұл шараға 4 мыңнан астам фермерлер мен аралас салалардың өкілдері қатысады.
TNT EXPO атап өткендей, AgriTek/FarmTek Astana'2023 UFI Approved Event мәртебесін алды, ол оқиғалардың жоғары ұйымдастырушылық деңгейін, олардың бизнесті дамытуға және саланы қалыптастыруға әсерін куәландырады, сондай-ақ статистиканың дұрыстығын растайды.
Көрме ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Астана әкімдігінің, Қазақстан фермерлер қауымдастығының, Қазақстан құс өсірушілер Одағының қолдауымен өтеді. Ресми серіктес - Қазагроқаржы.
Толық ақпарат алу үшін мына телефон арқылы хабарласуға болады: +7 727 344 0063; e-mail: agri@tntexpo.kz. Көрменің ресми сайты: agriastana.kz