QazTrade Бакуде сауда миссиясын ұйымдастырады
QazTrade сауда саясатын дамыту орталығы 4-6 сәуір аралығында Бакуде (Әзірбайжан) сауда-экономикалық миссия ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Қатысуға қазақстандық өндірушілер мен экспорттаушылар шақырылады.
"Іс-шараның негізгі мақсаты қазақстандық кәсіпорындар мен әлеуетті әзірбайжандық импорттаушылар, трейдерлер мен дистрибьютерлер арасында тікелей байланыс орнату, сауда қатынастарын жандандыру болып табылады", - деп хабарлайды QazTrade.
Сауда миссиясы шеңберінде сауда саясатын дамыту орталығы жабдықталған конференц-залды жалға алуға, қазақстандық қатысушылардың (миссияны өткізудің ресми мерзімінде кәсіпорыннан бір адамнан артық емес) тұруына, қазақстандық қатысушылардың Әзірбайжандағы трансферіне және b2b кездесулер шеңберінде аудармашыларға арналған шығыстарды жабады. Сондай-ақ сауда миссиясы өтетін күні кофе-брейк және түскі ас ұйымдастырылады.
Сауда миссиясына қатысу үшін мына сілтеме бойынша тіркелуге болады.