Қазақстанның солтүстік бөлігінде қар мен аяз болады деп болжануда
Алдағы үш күнде, 28-30 наурызда Қазақстанның солтүстігі мен орталығында температураның төмендеуі, жауын-шашын, боран болуы мүмкін. Бұл туралы "Қазгидромет" хабарлайды.
Наурыз айының соңына дейін Қазақстан аумағының батыс бөлігі төмен қысымның ықпалында болады, онымен тұрақсыз ауа райы болжанады.
Сондай-ақ, фронтальды бөлімдердің өтуімен 29 наурызда солтүстікте және орталықта, 29-30 наурызда шығыста жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. 30 наурыз күні түстен кейін қарлы боранмен қар жауады деп күтілуде. Елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 29-30 наурызда найзағаймен жаңбыр жауады.
Жалпы республика бойынша тұман, желдің күшеюі, оңтүстік-батыста - шаңды дауыл, солтүстік пен шығыста – көктайғақ болжанады.
Сонымен қатар, 30 наурызда Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасы күндіз 5 аязға - 5 жылуға дейін төмендейді деп күтілуде.