Қазақстанда ұлттық цифрлық инвестициялық платформа құрылады
ҚР Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитеті, Еуразиялық даму банкі және "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаны іске қосуда өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Бұл туралы ElDala.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаның құрылымына СІМ, Kazakh Invest ҰК, отандық даму институттары мен қорлары, квазимемлекеттік сектор компаниялары, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар тартылатын болады.
"Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа инвестор-компанияларды тартудың (онбордингтің) өзіндік "жол картасы" болады. Платформа базасында жобалар мен инвесторлар үшін консультациялық және ақпараттық қызметтерді интеграциялау бөлігінде "бір терезе" қағидаты іске асырылатын болады. Тұтас ақпараттық панельдер (бақылау тақталары) елдегі инвестициялық қызметті бақылаудың тиімді құралы ретінде қызмет етеді және инвестициялық процеске қатысушылардың сапалы өзара іс-қимылын арттырады. Біз цифрландыру есебінен инвестициялық жобаларды іске асыру уақыты айтарлықтай қысқарады деп күтеміз. Содан кейін жобаларды іске асыру кезінде туындайтын инвесторлардың өзекті мәселелері ҚР премьер-министрінің төрағалығымен өтетін инвестициялық штаб отырыстарына шығарылатын болады", - деді ҚР СІМ Инвестициялар комитетінің төрағасы Ардақ Зебешев.
Ұлттық инвестициялық платформаның технологиялық процесі инвестицияларды тарту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға бағытталатын болады. Оны инвестициялық жобалардың параметрлері мен мәртебесі туралы бірыңғай дерекқормен енгізу нәтижесінде деректермен алмасу процесін жеделдету, деректер мен құжаттарды сақтау процесін оңайлату және инвестициялық жобаларды пысықтау сапасын арттыру болады.
Тұтастай алғанда, платформа Қазақстанда инвестициялық жобаларды іске асырудың оңтайлы жолдарын ұсыну есебінен елге қосымша ТШИ ағындарын тартуға көмектеседі деп күтілуде.
Boston Consulting Group болжамына сәйкес, Орталық Азия өңірінің тікелей шетелдік инвестицияларды (ТШИ) тарту бойынша әлеуеті алдағы 10 жыл ішінде 170 млрд доллар көлемінде бағаланады, оның ішінде Қазақстанға шамамен 100 млрд. доллар.