Петропавлда ветинспекторға 5 млн теңге айыппұл салынды
Петропавлда мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор кәсіпкерлерден ет өнімдерін базарларда ілеспе ветеринариялық құжаттарсыз сатуға жібергені үшін пара алғаны үшін сотталды. Бұл туралы ElDala.kz Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
"2023 жылдың ақпан-наурыз айлары аралығында Ж.У. Бусурманов қызметтік жағдайын пайдалана отырып, "Привокзальный" және "Дария" қалалық базарларында ет өнімдерін көтерме сатып алуды және бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын кәсіпкерлерден тиісті ілеспе ветеринариялық құжаттарсыз жүйелі негізде пара алды", - деп хабарлады ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Жүнісов.
Петропавл қалалық сотының үкімімен мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор пара алғаны үшін сотталды және оған параның отыз бес еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды, бұл 5 млн 200 мың теңгені құрайды.
"Бағыныштылардың сыбайлас жемқорлық үшін бірінші басшылардың жауапкершілігі туралы заңнама нормаларын іске асыру мақсатында Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының шешімі бойынша Петропавл қалалық аумақтық инспекциясының басшысы Ақпан Құсайынов қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - деп хабарлады Сыбайласжемқорлыққақарсыіс-қимылагенттігі.
Баспасөз қызметі инспекторлар қатарында сыбайлас жемқорлықты азайту үшін олардың қызметтік әрекетін аудио және бейне тіркеуді пайдалану көзделгенін атап өтті.
"Осы талаптың болуына қарамастан, Петропавлдың 7 базарында барлық 5 инспекторды бейнетіркегіштермен жарақтандыру тек қаралғаннан кейін ғана өтті. Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасауға ықпал ететін мән-жайларды жою үшін аумақтық инспекция басшылығына мемлекеттік ветеринариялық - санитариялық бақылау және қадағалау шеңберінде жүргізілген бейнежазбаларға мемлекеттік инспекторлардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтауы тұрғысынан мониторинг жүргізу қажет", - деп хабарлады Сыбайласжемқорлыққақарсыіс-қимыл агенттігі.