Қазақстанда апта басында жаңбыр жауып, жел тұрады
30 маусым - 2 шілде аралығында Қазақстанның көптеген аймақтары жаңбырлы болып, желді ауа райы сақталады. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлайды.
«Оңтүстік Каспий циклоны Қазақстанның көп бөлігіне әсер етеді. Жауын-шашын жауады, орталық аймақтың кейбір жерлерінде қатты жаңбыр және бұршақ жаууы мүмкін», - дейді синоптиктер.
Сондай-ақ, кей жерлерде жел тұрып, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады.
Ауа температурасының төмендеуі айтарлықтай болмайды, дейді синоптиктер.
30 маусымда Ақмола облысы мен Нұр-Сұлтан қаласында дауыл тұрып, күн күркіреп, найзағай ойнайды, оңтүстік-шығыстан және оңтүстіктен секундына 15-20 метрге дейін жел тұрады.
30 маусымда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады. Сондай ақ 30 маусымда күн күркіреп, бұршақ жауады, оңтүстік-шығыстан жел тұрады, шығыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.
Ақтөбе облысында күндіз кей жерлерде қатты жаңбыр жауып, бұршақ түседі, солтүстік, солтүстік-шығыстан жел соғады. Найзағай жарқылдап, бұрқасын болады.
Атырау облысында күн күркіреп, бұрқасын тұрып, бұршақ жауып, солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.
Қызылорда облысында күндіз солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде желдің күші секундына 15-20 метрге дейін жетеді деп күтілуде.