01 июля 2023 Қазақстан

Шілдеде Қазақстанда ауа райы қандай болады

Қазгидромет шілдеге арналған Қазақстан бойынша ауа райының консультативтік болжамын ұсынды.

Бірінші онкүндікте Жерорта теңізінің шығыс жағалауынан және Орта Азиядан жылы ауа массаларының түсуімен Қазақстанның батыс өңірлерінде ауа температурасының түнде +12+17°С-тан +18+23°С-қа дейін, күндіз +21+26°С-тан +30+38°С-қа дейін көтерілуі болжанады; оңтүстік-батыста - түнде + 15 + 22°С - тан +20 + 28°С-қа дейін, күндіз + 25 + 35°С - тан +33 + 40°С-қа дейін. Елдің басқа аймақтарында жылы және салқын ауа массаларының ауысуымен температура фонының ауытқуы болады:

  • солтүстік-батыста түнде +12+23°С-тан +10+18°С-қа дейін, күндіз +28+35°С-тан +22+27°С-қа дейін;
  • солтүстікте, ҚР орталығында түнде +7+17°С-тан +15+20°С-қа дейін, күндіз +23+33°С-тан +27+35°С-қа дейін;
  • шығыста түнде +3+13°С-тан +13+20°С-қа дейін, күндіз +17+25°С-тан +25+33°С-қа дейін;
  • оңтүстік-шығыста түнде +12+20°С-тан +20 + 25°С-қа дейін, күндіз + 25 + 33°С - тан +33 + 38°С-қа дейін, республиканың оңтүстігіндегі таулы аудандарда түнде +5+10°С-тан +8+13°С-қа дейін, күндіз +20 +25°С-тан+25 + 30°С-қа дейін.
  • оңтүстік өңірлерде түнде +17+23°С-тан +20+27°С-қа дейін, күндіз +33+40°С-тан +27+32°С-қа дейін;

Онкүндік ішінде атмосфералық фронттардың өтуімен синоптиктер ауа - райының тұрақсыз сипатын жаңбырмен, кейбір күндері - қатты, найзағаймен, бұршақпен, қатты желмен, екпіні секундына 15-28 метрге дейін болжайды. Айдың басында мұндай ауа-райы елдің батысында, солтүстік-батысында, ал онкүндіктің ортасынан бастап Қазақстанның көп бөлігінде күтіледі, ал батыста, оңтүстік-батыста жаңбыр тоқтайды.

Екінші онкүндіктің басында республиканың басым бөлігінде негізінен ыстық және бұлтты ауа райы болжанады. Содан кейін екінші онкүндіктің соңында және айдың үшінші онкүндігінде синоптикалық жағдайдың жиі өзгеруі күтіледі, онда ыстық күндер салқын және жаңбырлы ауа-райына жол береді. Ауа температурасының ауытқуы күтілуде:

  • батыста және елдің оңтүстік жартысында түнде +12+20°С-тан +20+26°С-қа дейін, күндіз +23+28°С-тан +31+42°С-қа дейін;
  • республиканың солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде түнде +8+15°С-тан +15+23°С-қа дейін, күндіз +20+25°С-тан +27+36°С-қа дейін.

Жалпы алғанда, шілдеде ауаның орташа температурасы ҚР солтүстік жартысында климаттық нормаға жақын, оңтүстік жартысында - нормадан 1°жоғары болады деп күтілуде. Жауын-шашын мөлшері Қазақстанның басым бөлігінде нормаға жуық, ҚР оңтүстігінің, оңтүстік-шығысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, шығысында және таулы аймақтарында нормадан көп, негізінен Ақтөбе, Қызылорда және Қостанай облысының батысында нормадан аз болады деп күтілуде.