Рүстем Құрманов СҚО әкімдігіне жұмысқа ауысты
Рүстем Құрманов 28 шілдеде берген өтінішіне сәйкес ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды. Бүгін белгілі болғандай, ол Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
Рүстем Құрманов ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметін төрт жыл атқарды. Жалпы, оның ауыл шаруашылығы министрлігі жүйесіндегі жұмыс өтілі -20 жыл. Рүстем Құрманов мансабын Ақмола облысындағы АШМ аумақтық бөлімшесінде бастады.
Бұған дейін ол Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы, Агроөнеркәсіптік кешен және тамақ өнеркәсібі департаментінің басқарушы директоры, ауыл шаруашылығы министрінің кеңесшісі болған, "ҚазАгро" АҚ басқарған.
Айта кету керек, 2022 жылдың желтоқсанында СҚО әкімі лауазымына Айдарбек Сапаров тағайындалды, ол осы уақытқа дейін ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі болып жұмыс істеді.