19 октября 2023 Қазақстан

"Ауыл" партиясының төрағасы болып Серік Егізбаев сайланды

19 қазанда өткен "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясының кезектен тыс XXIII съезінде Парламент Мәжілісінің депутаты Серік Егізбаев партия төрағасы болып сайланды. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі хабарлады.

Өзгерістерге партияның бұрынғы төрағасы Әли Бектаев түсініктеме берді.

"Парламент Мәжілісіндегі "Ауыл" саяси фракциясының партиямыздың сайлауалды бағдарламасын іске асыру, сондай-ақ мемлекет басшысының парламентарийлер алдына қойған міндеттерін орындау жөніндегі жұмысын жандандыру қажет. Осыны ескере отырып, партия басында Мәжілістің сайланған депутаттары арасынан жаңа көшбасшы болуы тиіс деп санаймын", - деді Әли Бектаев.

Ол өзінің Сенаттағы жұмысына назар аударуды жоспарлап отырғанын атап өтті.

Серік Егізбаев 1963 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген, ауыл шаруашылығы саласында және мемлекеттік басқару органдарында практикалық тәжірибесі бар. Мәжілісте ол аграрлық мәселелер жөніндегі комитетті басқарады.

"Ауыл" ХДПП сайлау қорытындысы бойынша Парламент Мәжілісінде 8 депутаттық мандат алған елдің ең ірі саяси күштерінің бірі болып табылады.