05 января 2024 Қазақстан

Берік Манасов АӨК Мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы қызметінен босатылды

Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен Берік Манасов ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы қызметінен босатылды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Берік Манасов 1985 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітірген. Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі болып табылады.

Еңбек жолын 2005 жылы жеке ұйымда қаржы талдаушысы болып бастаған. Екінші деңгейдегі банкте ШОБ несиелеу бөлімінің маманы, Abadan Investments инвестицияларды орналастыру департаментінің менеджері болып жұмыс істеді.

2008-2013 жылдары — Аграрлық несие корпорациясында әртүрлі лауазымдарды атқарды.

2013-2014 жылдары —  Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының Қазынашылық департаментінің бас менеджері, директоры.

2018 жыл — «ҚазАгроГарант» АҚ ішкі бақылау қызметінің бастығы.

2022-2023 жылдары — ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық және инвестициялар тарту департаментінің директоры.

АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитетін Берік Манасов 2023 жылдың тамызында басқарды.