10 января 2024 Қазақстан

Түркістан облысы тұқымдар мен тыңайтқыштарды 7,6 млрд теңгеге субсидиялайды

Түркістан облысының әкімдігі өсімдік шаруашылығы өнімдерін субсидиялау туралы және 2024 жылға арналған басым дақылдардың тізбесін бекіту туралы қаулылардың жобаларын дайындады. Құжаттар «Ашық НҚА» порталында талқылау үшін орналастырылған.

Ағымдағы жылы өңірде тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын арзандатуға арналған субсидиялар көлемі 7 млрд теңгені құрайды деп жоспарлануда. Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға 600 млн теңге бөлінеді.

Сондай ақ әкімдік басым дақылдар мен оларды өндіруге субсидиялар нормаларын айқындады:

Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы

Өлшем бірлігі тонна, гектар

Субсидиялар нормалары, теңге

1

Дәнді жүгері

тонна

10 000

2

Өнеркәсіптік жылыжайдағы көкөністер

гектар

8 148 120

3

Ферма жылыжайындағы көкөністер

гектар

4 858 142