Ақмола облысында жыл соңына дейін жаңа жем зауыты іске қосылады
Ақмола облысында ауыл шаруашылық малдарының барлық түрлеріне арналған жоғары сапалы жем шығаратын зауыт салынуда. Бұл туралы Есіл ауданының әкімдігінде мәлімдеді.
Әкімдіктің хабарлауынша, зауыт құрылысы 2019 жылдың ақпан айында басталған, ал жоба жоспар бойынша 2020 жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі.
Кәсіпорын ауыл шаруашылық малдарының барлық түрі үшін ең жоғары стандартты құрама жем өндіруді жоспарлап отыр. Аталған өнімге ақуыздар, дәрумендер мен минералды заттар қосылып, борпылдақ және түйіршіктер түрінде шығарылатын болады.
Сонымен қатар, зауыт жоғары тиімді техникалық құрылғылармен жабдықталған, атап айтқанда: астық кептіргіш, элеватор, шикізат пен дайын өнімді сақтайтын қоймалармен қамтамасыз етілген. Компьютерлік құралдардың жетілдірілген жүйесін қолдану адам факторының қатысуын алмастырады.
Зауыт неміс NEUERO Farm-und Fördertechnik GmbH компаниясының жабдықтарымен жарақтандырылады. Мал азыған дайындаудың мөлшері сағатына 2,5 тонна, ал механикаландырылған токтың қуаттылығы - сағатына 100 тонна болады.