09 февраля 2024 Қазақстан

Атырау облысы ветеринариялық инспекциясының басшысы 2,1 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Атырау облыстық аумақтық инспекциясының басшысы пара алды деген күдікке ілінді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстық прокуратурамен келісе отырып, сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Бұл туралы Антикордың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, ElDala.kz хабарлайды.

«Ол Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы шекараларының шектес учаскесінде Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу кезінде олардың заңды қызметін жедел және кедергісіз жүзеге асырғаны үшін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан 2,1 млн теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінді», - делінген хабарламада.

Тергеу жалғасуда.