АНК мен ҚАҚ аграрийлерді 555 млрд теңгеге қаржыландырды
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның еншілес ұйымдары - Аграрлық несие корпорациясы және ҚазАгроҚаржы 2023 жылы несиелеу және лизинг арқылы аграрийлерді қаржыландыруға 554,7 млрд теңге көлемінде қаражат бөлді. Бұл туралы холдингтің басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин Үкімет отырысы барысында хабарлады.
«Аграрлық сектор инвестицияға да, айналым қаражатына да аса мұқтаж. Осыған орай, холдингтің агроөнеркәсіп кешеніндегі еншілес компаниялары ауыл шаруашылығын қаржыландыру көлемін ұлғайту бойынша жұмыстар атқаратын болады», - деді Қарағойшин.
Ол бүгінде шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шараларымен және қолжетімді баспана сатып алу бағдарламаларымен ауылдық жерлерді төмен қамту мәселесі бар екенін атап өтті.
«Осыған байланысты өңірлік бағдарламаларды одан әрі дамыта отырып, холдингті қолдау шараларымен ауыл кәсіпкерлігін қамтуды ұлғайту жөнінде шаралар қабылданатын болады», - деді холдинг басшысы.
«Бәйтерек» холдингінің активтері бағалау бойынша 13,7 трлн теңгені, инвестициялық және кредиттік портфельдер - 10,1 трлн теңгені, таза пайда - 408 млрд теңге деңгейінде құрайды. 2023 жылдың қорытындысы бойынша холдинг желісі бойынша бизнесті жалпы қаржылық қолдау 2,6 трлн теңгеден асты. Экспорттық әлеуетті дамыту шеңберінде қолдау сомасы ҚДБ және KazakhExport желісі бойынша 716 млрд теңгені құрады.