Астанада экспорттаушылар форумы өтеді
Астанада 2024 жылғы 26 наурызда «Қазақстан - Қытай сауда қатынастарын дамытудағы жаңа тәсілдер» тақырыбында экспорттаушылардың екінші форумы өтеді. Бұл туралы ҚР Сауда министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, ElDala.kz хабарлайды.
Форум Қытаймен сауданы дамытудың өзекті мәселелерін талқылау алаңы болады. Басым тауарлардың экспортына, логистикаға, сертификаттауға, сондай-ақ Қытай тарапымен бірлескен өзара тиімді жобаларды жоспарлауға ерекше назар аударылатын болады. Форумға Қытайдан 120-дан астам ұйымның өкілдері шақырылды.
Іс-шараға мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік ұйымдардың өкілдері, Қазақстан мен Қытайдың іскер топтары қатысады.
Сауда министрлігінің мәліметінше, бүгінде Қазақстанда өңделген өнімнің 740 белсенді экспорттаушысы бар. Олардың 80%-ға жуығы шағын және орта бизнес кәсіпорындарына тиесілі.
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылы экспорттаушылардың алғашқы форумы Қазақстанның экспортқа бағдарланған 70-ке жуық компаниясын жинады. Іс-шара аясында өз өнімдерін сыртқы нарықтарға белсенді түрде ілгерілететін отандық тауар өндірушілердің көрмесі өтті.
Іс-шараны ҚР Сауда және интеграция министрлігінің қолдауымен QazTrade ұйымдастырады.
Тіркелу үшін сілтеме бойынша өтіңіз