Қазақстанда жылы және жаңбырлы сәуір күтілуде
Қазақстанның басым бөлігінде сәуір айында ауаның орташа температурасы көпжылдық нормадан 1° жоғары болады деп күтілуде, бұл ретте нормаға жуық температура Қазақстанның солтүстік-батыс жартысында болжанады. Жауын-шашын мөлшері елдің басым бөлігінде нормадан артық, нормаға жақын - Қазақстанның солтүстік-шығысында, орталығында және оңтүстік облыстарының солтүстігінде болжанады. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.
Сәуірдің бірінші онкүндігінің соңында айтарлықтай жылу толқыны күтіледі. Қазақстанның басым бөлігінде күндіз ауа температурасы +10+20°С, елдің оңтүстігінде +22+30°С болады.
Сәуірдің екінші және үшінші онкүндіктерінде температура өзгереді:
- Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, Ақтөбе облысының солтүстік жартысында және Ұлытау және Абай облыстарында түнде -5+5°С-тан +3+8°С-қа дейін, күндіз 0,+8°С-тан +15+20°С.
- Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстары мен Жетісу облыстарында түнде 0,+5°С-тан +3+12°С-қа дейін, күндіз +10+15°С-тан +17+25°С-қа дейін.
Үшінші онкүндіктің басында температура фонының төмендеуі күтіледі:
- елдің көп бөлігінде түнде -10-20°С дейін, күндіз -2-7°С дейін;
- Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл,Алматы облыстары мен Жетісу облыстарында түнде 0, -7°С дейін, күндіз +7+12°С дейін.
Айдың соңында ауа температурасы көтеріледі:
- Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, Ұлытау және Абай облыстарында түнде -5+3°С дейін, күндіз + 3 + 13°С дейін,
- Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстары мен Жетісу облыстарында түнде +2+10°С дейін, күндіз +15+21°С дейін.
Өзендердің жазық және таулы бассейндерінде жинақталған ылғал қорын, сондай-ақ күзгі ылғалдану мен топырақтың қату тереңдігін ескере отырып, жекелеген өңірлерде су тасқыны қаупі артады. Қазгидромет Ресеймен шекаралас аймақтарға, атап айтқанда Жайық және Тобыл өзендерінің бассейндеріне ерекше назар аударады.