Астық Транс тарифтерді төмендетеді
«Астық Транс» компаниясы 1 сәуірден бастап «16-32-48» біржолғы тасымалдау бағдарламасы бойынша тарифтерді төмендетті. Бұл Орталық Азия мен Ауғанстан бағытында бір реттік вагондар тобын (16, 32 және 48 вагон) жөнелту кезінде жеңілдік беретін бағдарлама.
«2024 жылғы 1 сәуірден бастап экспорт пен ішкі тасымалдарды ынталандыру мақсатында Қазақстанның астық нарығындағы астықтың жоғары қалдықтарымен және егіс компаниясының күтілетін басталуымен ұштасқан күрделі жағдайды ескере отырып, «Астық Транс» АҚ «16-32-48» біржолғы тасымалдау бағдарламасы бойынша тарифтерді төмендетуді ұсынады, сондай-ақ осы бағдарламаны бір ай ішінде жинақтаушы тасымалдаулар үшін кеңейтуді ұсынады», - деп хабарлады компания.
Бұдан басқа, импорттық тасымалдарға, сондай-ақ шекара маңы бекеттерінен ішкі тасымалдарға тарифтер төмендетілді.
Сонымен қатар, «Астық Транс» әлеуметтік нан мен ұн, құрама жем, жемшөп және дәнді дақылдар өндірушілері, құс фабрикалары, ірі қара мал өсіру шаруашылықтары үшін төмен тарифтер сақталуда. Басқа ішкі жүк жөнелтушілер үшін де тарифтер төмендетілді.