09 апреля 2024
Қазақстан
Жамбыл облысында суару жүйелерін өндіру іске қосылады
«KAZ Каспий ГИДРО ауыл шаруашылығы технологиясы» компаниясы Жамбыл облысында тамшылатып суару жүйелерін өндіруді іске қосуға 6 млн доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы облыс әкімдігінде хабарлады.
Әкімдіктің мәліметінше, қазіргі уақытта жоба бойынша өндірістік жабдықтарды орнату жұмыстары басталды. Кәсіпорынның іске қосылуымен 30 жаңа жұмыс орны құрылады.
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев кәсіпорынды аралау барысында зауытты сәуір айының соңына дейін іске қосуды тапсырды. Ол су үнемдеу технологияларын дамытудың маңызы зор екенін атап өтті. Бүгінде көрші облыстардың жергілікті фермерлері мен шаруа қожалықтарынан тапсырыстар келіп түсуде.