10 августа 2020
Қазақстан
Алдағы күндері Қазақстанда ауа райы жаңбырлы болады
Қазақстанда 11-13 тамызда жаңбырлы ауа райы болады деген болжам айтылуда. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.
«Аптаның бірінші жартысында оңтүстік циклон Қазақстанға әсерін сақтап қалады. Республиканың басым бөлігінде күн күркіреп, Солтүстік пен солтүстік-батыстың кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады», - деп хабарлады синоптиктер.
Ауа –райы болжамы бойынша алдағы күндері атмосфералық фронттардың өтуінен дауыл тұрып, жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін.
Қазақстанның солтүстігінде аптаның басында ауа температурасы түнде 7-15, күндіз 15-20 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде.