Фермер 50 млн теңге субсидия жымқырғаны үшін 6 жылға сотталды
Алматы облысындағы ауыл шаруашылығы кооперативінің төрағасы асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға бөлінген бюджет қаражатын жымқырғаны және жария еткені үшін алты жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінде хабарлады
«2023 жылы Ұйғыр ауданындағы ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің төрағасы қой басының болуы және оларды ұрықтандыру тәсілі туралы дұрыс емес мәліметтерді пайдалана отырып, заңсыз 50 млн теңге субсидия алды. Өзінің қылмыстық табысын заңды айналымға тарту мақсатында кооператив төрағасы субсидиялау шарттарына қайшы келіп түскен бюджет қаражатының бір бөлігін кооператив депозитіне аударды, ал келіп түскен дивидендтерді өз қажеттіліктеріне пайдаланды», - деп хабарлады ҚМА.
Сот кооператив төрағасын бюджет қаражатын жымқырғаны, қылмыстық табысты заңдастырғаны үшін кінәлі деп тауып, алты жылға бас бостандығынан айырды.