Фермерлерге су беру қызметін субсидиялауды Ауыл шаруашылығы министрлігі жеңілдетті
Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау Ережелеріне өзгерістер енгізді. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлады.
«Трансферттік өтінімдер арқылы тікелей су берушілерге субсидиялар төлеу арқылы суармалы су беру жөніндегі қызметтерді сатып алуға арналған шығындарды өтеуді көздейтін жаңа тетіктер әзірленді. Өзгерістер ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге субсидиялардың келуін күтпестен, суармалы сумен жабдықтау қызметтерін арзандатылған бағамен сатып алуға және су жеткізушілерге оларды алғаннан кейін айырмашылықты төлеуге мүмкіндік береді», - деп хабарлады АШМ.
Бұған дейін Қазақстанда су үнемдеу технологияларын енгізу кезінде субсидиялау нормалары 50%-дан 80%-ға дейін ұлғайтылды. Сондай-ақ ұңғымаларды бұрғылауға арналған субсидиялар 80%-ға дейін өсті.