АӨК кәсіпорындарына байланыс қызметтері субсидияланады
Қазақстанда цифрлық технологияларды енгізу мақсатында ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп объектілерінің байланыс қызметтері субсидияланатын болады. Бұйрықтың тиісті жобасын Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі әзірледі.
Ережелер өндірістік процестерді оңтайландыруға, ресурстарды пайдалану тиімділігін, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік беретін заманауи технологияларды енгізуді қолдау мақсатында енгізіледі.
Субсидияларды шағын кәсіпкерлік субъектілері, оның ішінде елді мекеннен тыс жерде орналасқан және Қазақстанда тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілері ала алады. Сондай-ақ, бұл белсенді дамып келе жатқан бизнес болуы керек, яғни кәсіпорын салық аударымдарын жүргізіп, қамауға алынбауы керек.
Субсидиялау жоспарлануда:
- 4 Мбит/с дейінгі спутниктік байланыс бойынша Интернет желісіне жеке қол жеткізу қызметтері
- 2 Мбит/с-тан 8 Мбит/с-қа дейінгі спутниктік байланыс бойынша Интернет желісіне жеке қол жеткізу қызметтері
- 20 Мбит/с дейінгі радиорелелік байланыс желілері бойынша Интернет желісіне жеке қол жеткізу қызметтері.