17 августа 2020 Қазақстан

Аптаның ортасына қарай Қазақстанның солтүстік облыстарына күзгі ауа-райы келеді

18-20 тамызда Қазақстанның солтүстік облыстарына суық циклон келеді. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.

«Алдағы үш күнде суық циклон басады. Қазақстанның солтүстігінде күз мезгіліндегідей ауа -райы болады. Салқын температурамен қатар жаңбыр жауады, күшті жел тұрып, найзағай ойнайды, жел күшейіп,еді, бұршақ жаууы мүмкін », - дейді синоптиктер.

Кейбір аймақтарда түнде және таңертең тұман болады. Күндіз ауа температурасы 15 - 20 градусқа дейін төмендейді.

Республиканың оңтүстік өңірлерінде де қысқа мерзімді жаңбыр жауады, күн күркірейді. Күндізгі ауа температурасы 22-30-дан 30-35 градусқа дейін көтеріледі.