Ақмола облысында индустриалды ауыл шаруашылығы паркі құрылуда
Венгриялық Global Ltd компаниясы Ақмола облысының Аршалы ауданында ауыл шаруашылығы индустриялық паркін құру жобасын іске асыруда. 27 га аумақты алып жатқан агропарк аумағында Венгрияда әзірленген ауыл шаруашылығын жүргізудің озық әдістемелері, экологиялық қауіпсіз технологиялар көрсетілетін болады, сондай-ақ өндірушіден тұтынушыға дейінгі барлық кезеңдерде тауарларды қадағалау жүргізілетін болады. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Алғашқы 2-3 жылда үлгілік балық өсіру шаруашылығын дамыту, балық өсіру, климаттың өзгеруіне бейімделудегі жер мен топырақтың рөлін арттыру, құрама жем зауытын салу, әртүрлі дақылдардың сұрыптарын өсіру бойынша демонстрациялық және тәжірибелік станция ашу және т.б. жобаларды ішінара іске асыру жоспарлануда», - деп түсіндірді АШМ.
Агропаркте Carbon Farming жүйесі болады, ол топырақтан СО2 жинауға және сақтауға көмектеседі. Сондай-ақ, венгр технологиясы бойынша тұқым өндіруді бастау жоспарлануда.
Барлық енгізілетін жобалар тиімді болады деп күтілуде және бюджеттік қаржыландыруды талап етпейді, деп атап өтті АШМ.