Ресеймен шекарада шегірткенің таралуына байланысты жағдай тұрақтанды
Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасының бүкіл периметрі бойынша шегірткелердің таралу орындарын анықтау бойынша зерттеулер жүргізілді. Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында жағдай тұрақты, ұшу қаупі жоқ. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
«Ақтөбе және Абай облыстарында шегірткелердің көші-қоны анықталған жоқ. Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында Ресей Федерациясымен шекаралас аумақтарда шегірткелердің шоғырлануы зияндылықтың экономикалық шегінен төмен», - деді ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы шегірткенің таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі орталық штаб отырысында.
Шегірткелердің таралу ықтималдығы сақталған аймақтарда қажет болған жағдайда бақылау және өңдеу жалғастырылады.
Бүгінгі таңда шегірткенің таралу ошақтарын анықтау бойынша мониторинг 16,7 млн га алаңда жүргізілді, бұл жоспардың 98%-ын құрайды. Қайта өңдеуді ескере отырып, қорғаныс шараларын қолданудың жалпы ауданы 2,9 млн га-ға жетті. Итальяндық прусқа қарсы қорғаныс шаралары Ақмола, Ақтөбе және Қостанай облыстарында жалғасуда.