Ауыл шаруашылығы министрлігі жеңілдетілген несиелерді бөлу туралы есеп берді
Қазақстанда егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыруға 2024 жылы алғаш рет 580 млрд теңге бөлінді: бұл алдыңғы жылдарға қарағанда 400 млрд теңгеге артық. Бүгінгі таңда 330 млрд теңге сомасына 5 мың ауыл шаруашылығы өндірушісі несие алды, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, жеңілдікті несие алған кәсіпорындардың 88%-ы шағын бизнеске, 11%-ы орта кәсіпорындарға, ал 1%-ы ірі кәсіпорындарға тиесілі. Бұл ретте қарыздар көлемі бойынша 60%-ы шағын шаруашылықтарға, ал ірі бизнеске - бөлінген қаражаттың 16%-ы берілді. Қалған қарыздарды орта кәсіпорындар алды.
Ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін сыйақы мөлшерлемесі субсидиялауға құжаттарды тапсырудың қажеттілігінсіз жылдық 5%-ын. құрайды, ал несиелеу мерзімі - 12 айға дейін. Кепілдердің жетіспеушілігі, оның ішінде өткен жылғы несиелердің ұзартылуына байланысты мәселе «Даму» Қорының қарыздарға кепілдік беру тетігі арқылы шешіледі. Кепілдік қарыз сомасының 85%-на дейін жабады.
АШМ атап өткендей, бұл құрал шағын бизнес субъектілері арасында сұранысқа ие.