19 августа 2020 Қазақстан

Қазақстанда апта соңына дейін күн жаңбырлы болады

20-22 тамызда Қазақстанда ауа райы жауын-шашынды болады. Бұл туралы Қазгидромет хабарлайды.

«Алдағы үш күнде Қазақстанның көптеген бөлігінде ауа райы өзгереді. Оңтүстік циклонның әсерінен республикада жаңбыр жауып, найзағай ойнайды», - деп хабарлады синоптиктер.

Апта соңында оңтүстік-батыста қатты жаңбыр жауады. Күшті жел тұрып, бұршақ жаууы  мүмкін. Содан кейін қысқа антициклонның ықпалынан жауын-шашын тоқтап, батыста ауа температурасы аздап төмендейді.

Сондай-ақ, алдағы үш күнде республиканың кей жерлерінде жел тұрады.