Қазақстанда жаңбырлы қыркүйек күтілуде
Қазақстанның көптеген облыстарында қыркүйек айында салқын және жаңбырлы ауа райы күтіледі. Тек қыркүйек айының басында ғана еліміздің батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлады Қазгидромет.
Қазақстанның солтүстік жартысында жауын-шашын ай бойы 1-3 күндік қысқа үзілістермен жиі жауады. Кей күндері республика бойынша найзағаймен қатты жаңбыр, бұршақ жауып, екпінді жел соғады. Елдің солтүстік жартысында жиі тұман күтіледі.
Қыркүйектің бірінші онкүндігінде ауа температурасы елдің батысында түнде +8+15°С, күндіз +23+30°С аралығында болады деп күтілуде.
Қазақстанның солтүстік және орталық өңірлерінде түнде +2+10°С дейін суытады, топырақта 2° қатқақ болуы мүмкін, күндіз +8 +15°С дейін, онкүндіктің соңында температуралық фонның шамалы көтерілуі күтіледі.
Республиканың шығысында ауа температурасының түнде +8+16°С-тан +2+7°С-қа дейін ауытқуы күтіледі, онкүндіктің екінші жартысында қатқақ болуы мүмкін, күндіз +12+23°С-тан +17+25°С-қа дейін;
елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында ауа температурасының күндіз +22+30°С-тан +17+23°С-қа дейін ауытқуы болжанады.
Қыркүйектің екінші және үшінші онкүндігінде республиканың солтүстігінде, орталығында және шығысында ауа температурасы түнде +3 +8°С, жекелеген аудандарда қатқақ байқалуы мүмкін, күндіз температура +12+19°С-тан +21+26°С-қа дейін өзгереді.
Елдің батысында және оңтүстік аймақтарында ауа температурасы түнде +7+15°С, айдың екінші жартысында топырақ бетінде қатқақ болуы мүмкін, күндіз ауа температурасының +25+35°С-тан +15+23°С-қа дейін ауытқуы күтіледі.
Қыркүйектің үшінші онкүндігінде солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда жаңбырдың қарға ауысуы мүмкін.