23 сентября 2024
Қазақстан
Қазақстанда жаңбыр қарға ұласады
Таяу күндері Қазақстанның солтүстігі мен шығысында атмосфералық фронттардың өтуімен жаңбыр соңы қарға айналады деп болжануда. Бұл туралы Қазгидрометтен хабарлады.
Түнде ауа температурасы 2-7 градус аязға дейін төмендейді деп күтілуде.
ҚР қалған аумағында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Сонымен қатар, республика бойынша желдің күшеюі болжануда. Түнгі және таңертеңгі сағаттарда елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында және шығысында тұман күтіледі.
Ауа температурасы күндіз төмендейді: елдің батысында плюс 18-26°С дейін, солтүстікте, шығыста плюс 5-10°С дейін, орталықта плюс 7-15°С дейін, оңтүстікте плюс 12-20°С дейін, таулы аймақтарда плюс 2-10°С дейін.