Қазақстанда аграрлық қолхаттар енгізу ұсынылды
Ақпараттық-есепке алу орталығы (АЕАО) Қазақстанда астық қолхаттарына ұқсас аграрлық қолхаттарды енгізуді ұсынды. Бұл құрал туралы Еревандағы Еуразиялық экономикалық форумда «АЕАО» АҚ Бағалы қағаздар бөлімінің басшысы Манас Байтореев айтып берді.
АЕАО баспасөз қызметінің мәліметінше, Орталық 2016 жылы электрондық астық қолхаттарын енгізген. Жыл сайын Жүйеде 66 млн тоннадан астам астыққа астық қолхаттарымен 200 мыңға жуық операция немесе шамамен 8 млрд долларға өтеді. Бұл ретте орташа есеппен күн сайын астықпен 500-ден астам операция тіркеледі.
«Жүйенің прогрессивті ерекшеліктерінің бірі – blockchain технологиясы, оны қолдану заңнамада бекітілген. Блокчейн механизмі астық қолхаттарымен операциялар жүргізу кезінде жазбалардың өзгермейтіндігін қамтамасыз етеді. Яғни, жүйе астық қолхаттарын қолдан жасау немесе астықпен қандай да бір операциялар жасау мүмкіндігін жоққа шығарады. Осылайша, астық қолхаттары таратылған тізілім технологиясын пайдалана отырып салынған тауар ретінде астықпен қамтамасыз етілген толыққанды цифрлық активке айналды», - деді Манас Байтореев.
Ол Қазақстанда электрондық астық қолхаттары мен олардың ұстаушылары бойынша бірыңғай деректер қоры құрылғанын, астықты есепке алу автоматтандырылғанын және ЖПП үшін есептілік оңтайландырылғанын, астық қолхаттарының электрондық саудасы іске қосылғанын атап өтті.
Сонымен қатар, жүйе астық үшін төлемге кепілдік береді және «төлемге қарсы жеткізу» опциясының арқасында астық қолхатын сатып алу-сату кезінде тараптардың міндеттемелерін орындамау қаупін азайтады. Астық иелерінің мүдделерін қорғау үшін астық иесі мен астық қабылдау кәсіпорнына астық қолхатын шығару кезінде астықтың сандық-сапалық көрсеткіштерін бірлесіп келісуге және онлайн қол қоюға мүмкіндік беретін функционал енгізілді.
АЕАО-да аграрлық қолхаттарды енгізу ұсынылады, оларды қамтамасыз ету тек астық қана емес, сонымен қатар басқа да ауылшаруашылық өнімдері бола алады. Бұл пайдаланушылар санын едәуір кеңейтіп, банктер мен басқа да қаржы институттары тарапынан салаға инвестициялар тарту тетігі ретінде қызмет етеді.
Адамның араласуынсыз жүйе кез келген фермер қожалығының ресурстарына (кредиттік тарих, жер, төленген салықтар, жалдамалы жұмысшылар саны, шаруашылықтағы орташа өнімділік және т.б.) форматты-логикалық мониторинг жүргізеді. Алайда, Манас Байтореев түсіндіргендей, техникалық дайындығына қарамастан, аграрлық қолхаттарды енгізу мәселесі әзірге тоқтап қалды және «жоғарыдан саяси ерік-жігерді» талап етеді.
«Біз Еуразиялық интеграцияның, атап айтқанда Еуразиялық экономикалық комиссияның мүмкіндіктері Одақ елдеріндегі ауыл шаруашылығын цифрландырудың катализаторы бола алатынына сенімдіміз. Бұған мысал ретінде Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі 2021 жылғы 24 желтоқсанда мақұлдаған ауыл шаруашылығы өніміне арналған қойма куәліктерін шығару, яғни Еуразиялық экономикалық одақта беру, айналысқа жіберу және өтеу қағидалары туралы келісімнің жобасын келтіруге болады», - деп атап өтті Манас Байтореев.