Қостанайлық аграрий субсидиядан айырылғандықтан АШБ-ын сотқа берді
Ауыл шаруашылығы басқармасы Қостанай облысындағы «Новотроицк-1» ЖШС өтінімін белгіленген мерзімде қарастырмағандықтан, компания несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауды алған жоқ, деп хабарлады Қостанай облысының Кәсіпкерлер Палатасында.
«Новотроицк-1» ахуалы және жалпы аграрийлердің субсидия алу мәселелері Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысында талқыланды. Кеңес төрағасы Владимир Шакун Қостанай облысының АӨК саласында 9 мыңнан астам бизнес субъектісі бар екенін ескере отырып, субсидиялаудың проблемалық мәселелері жүйелі бола бастағанын атап өтті.
«Новотроицк-1» ЖШС өкілі Сергей Семеновтың айтуынша, кәсіпорын өтінім бергеннен кейін 4 айдан кейін субсидиялаудан бас тартты және бұл шешімнің негізі көрсетілмеген.
«Егер өтінім заңды мерзімде қаралса, біз бұзушылықтарды жойып, мемлекеттік қолдау ала аламыз. Субсидиялаудан бас тарту қаржы институты банк келіскен кестені дұрыс ұсынбау себебінен туындады», - деп түсіндірді Сергей Семенов.
Қостанай облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы жағдайды мамандардың жүктемесімен және субсидия алушылардың ең көп саны Қостанай облысында екенін түсіндірді.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті тарапынан ахуалға талдау жүргізіліп, әкімдікке АШБ қызметкерлері арасында функционалдық міндеттерді қайта бөлу қажеттілігі туралы ақпарат жіберілді.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаменті басшысының орынбасары Гүлнар Шагирова ауыл шаруашылығы басқармасында жүктемені бөлу тұрғысынан жүргізілген талдау салалық және көмекші бөлімдер қызметкерлерінің теңгерімсіздігіне әкелетін еңбекті ұтымсыз ұйымдастыруды көрсеткенін атап өтті. Мысалы, штат санынан қызметкерлердің тек 16%-ы ғана субсидиялау бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетумен айналысады.
«Біз жүктемені тиімді бөлу бойынша жұмыс жүргізуді сұрадық, бұл бұзушылықтарды болдырмауға ғана емес, сонымен қатар ккадрлардың тұрақтамауын азайтуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Гүлнара Шагирова.
Өз кезегінде, Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің өкілі Айгүл Мырзахметова бұл саладағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау мәселені шешу үшін АШМ және басқа да мүдделі органдарға жіберілгенін атап өтті.
Сонымен қатар, «Новотроицк-1» ЖШС өз құқықтарын бұзылған деп санап, сотқа жүгінді.