Қазақстанның астық өсіретін аймағында қыркүйек жаңбырлы болады деп болжауда синоптиктер
Қыркүйек айында Қазақстанның басым бөлігінде күн жылы болады деп күтілуде. Сонымен бірге синоптиктер астық жинайтын аудандарда жауын-шашынның мөлшері нормадан көп болады деп болжам айтуда.
Қазгидрометтің болжамы бойынша қыркүйек айында республиканың басым бөлігінде ауаның орташа айлық температурасы нормадан 1 ° С жоғары болады деп күтілуде. Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының басым бөлігінде ауа температурасы нормаға сәйкес бір қалыпты болады, ал Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының таулы аймақтарында 1 ° C-қа төмен болады.
«Қазгидромет орталықтың ұзақ мерзімді мәліметтері бойынша, Қазақстан аумағының басым бөлігінде айдың бірінші жартысында, ал оңтүстік аймақтарда - айдың соңында күн салқындауы мүмкін. Алайда, консультативтік болжамға сәйкес, қыркүйектің екінші онкүндігінде солтүстік аймақтарда 5 градусқа дейін күн салқындайды, ал оңтүстік облыстарда - үшінші онкүндікте болады», - деп атап өтті синоптиктер.
Сондай-ақ, 2020 жылы қыркүйекте республикада жауын-шашын біркелкі болмайды: республиканың басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері қалыпты жағдайда түседі, Солтүстік Қазақстанда, Павлодарда, Ақмола, Шығыс Қазақстанның көп бөлігінде, Қостанайдың солтүстігінде, Алматының оңтүстік-шығысында, Жамбыл, Түркістан облыстарының таулы және тау бөктерлі аймақтарында, ал нормадан аз мөлшерде- Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында, Қарағанды облысының батысында болады.
«Күздің бас кезінде Қазақстан аумағында жаздың ыстық ауа-райы сақталады. 3-6 қыркүйекте республиканың басым бөлігінде белсенді циклон әсерінен ауа массасы өзгеріп, желдің екпіні секундына 15-25 метрге дейін күшейеді деп күтіледі, жаңбыр жауады, республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысында кей жерлерде күшті болуы мүмкін», - деп хабарлайды Қазгидромет.
Қыркүйек айының бірінші онкүндігінің ортасында ауа температурасының төмендеуі күтіледі: Қазақстан Республикасының батысында түнде + 15 + 20 ° С-тан + 7 + 15 ° С-қа дейін, күндіз + 27 + 38 ° С-тан + 20 + 27 ° С-қа дейін. Елдің солтүстік-батысында түнде + 12 + 17 ° С-тан + 2 + 10 ° С- қа дейін, күндіз + 28 + 35 ° С-тан + 14 + 25 ° С-қа дейін. Қазақстан республикасының солтүстігінде және орталығында түнде + 10 + 18 ° С-тан + 2 + 10 ° С- қа дейін, күндіз + 25 + 35 ° С-тан + 10 + 20 ° С-қа дейін төмендейді.
Онкүндіктің екінші жартысында ауа температурасының төмендеуі ҚР-дың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, түнде +13+22°С-тан +7+15°С-қа дейін, күндіз +30+36°с-тан +21+28°С-қа дейін төмендейді деп болжанады.
Қыркүйек айының екінші онкүндігының соңында Қазақстанның шығысында түнгі уақытта +10+18°С-тан 2+10°С-қа дейін, күндіз +27+32°С-тан +15+25°С-қа дейін температура біртіндеп салқындайды деп күтілуде.
Бірінші онкүндіктің соңында ҚР-дың басым бөлігінде күн қайтадан жылынады.
Қыркүйектің екінші және үшінші онкүндігінде Қазақстанның солтүстігінде, орталығында және шығысында температуралық режимнің ауытқуы болады деп болжанады: түнде +5+13°С-тан -5+5°С-қа дейін, күндіз +20+28°С-тан +15+20°С-қа дейін; ҚР-дың оңтүстігінде және батысында түнде +5+15°С-тан 0,+5°С-қа дейін, күндіз +25+35°С-тан +10+20°С-қа дейін күн салқындайды.