02 сентября 2020
Қазақстан
Қазақстан аумағында жаңбыр жауып, ауа температурасы күрт төмендейді
Қазақстанда 3-5 қыркүйек аралығында жаңбыр жауып, күн суытады деп күтілуде. Бұл туралы Қазгидромет хабарлайды.
«Таяу күндері Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады, шығыс аймақтың кей жерлерінде қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін», - деп хабарлайды синоптиктер.
Сондай - ақ, ауа-райы болжамы бойынша, елдің солтүстік, орталық және шығыс өңірлеріне Таймыр аудандарынан келетін суық ауаның әсерінен аймақтағы күн райы 12-18 температура мөлшерінде болады деп болжам айтылуда.