12:52 Қазақстан

«Бәйтерек» астық экспортын қолдауға 500 млн долларға дейін бөледі

«Бәйтерек» холдингі ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын қолдау үшін мақсатты көлемі 200 - 500 млн доллар болатын сауда қорын іске қосады. Осы мақсатта экспортқа бағдарланған жобалар пулы құрылатын болады, оған өсімдік және құс шаруашылығы өнімдерін өндірушілер кіреді. Бұл туралы үкімет отырысында «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин мәлімдеді.

«Экспорттық стратегия шеңберінде отандық өндірушілер үшін сақтандыру, қайта сақтандыру және кепілдіктер құралдары кеңейтілуде. Жаңа нарықтарға шығу және қазақстандық экспорт үшін кешенді шешімдер ұсыну маңызды міндет болып табылады», - деді холдинг басшысы.

Сауда қорының жұмысы шеңберінде экспорттық арналарды кеңейту үшін өсімдік шаруашылығы өнімдерінің (дәнді, майлы және бұршақ дақылдары) ірі өндірушілері мен трейдерлерін шоғырландыру жүргізілетін болады. Тұрақты экспорттық жеткізу тізбегін құру және экспорт географиясын кеңейту, ірі шетелдік сатып алушылармен әріптестік жоспарлануда.

Сондай-ақ қордың міндеттеріне инвестициялық қолдау және сауда қызметіне жеке секторды тарту, көлік-логистикалық қызметтер бойынша агроөндірушілер үшін жағдайларды жақсарту кіреді.

Өнімді сатуға көмектесуден басқа, қор жұмысының мақсаты баға белгілеудегі алыпсатарлық факторларды азайту және нарықты тұрақтандыру болып табылады.