03 сентября 2020 Қазақстан

KTZ-Express Түркіменстанға John Deere маркалы 300 комбайн әкелді

KTZ Express теміржол тасымалдаушы компания Қытайдан Түркіменстанға (транзитпен Қазақстан арқылы) ірі көлемдегі John Deere ауыл шаруашылық техникаларын тасымалдау кезі бейне роликте көрсетілген.

2017 жылдан бастап аталған көлік компаниясы 1 474 John Deere комбайнын Түркіменстанға жеткізуде.

Биыл KTZ Express компаниясы DHL China кәсіпорнымен бірге 300 дана шағын көлемді жабдықтарды тасымалдады. Бұл техникалар Қытайдан Түркіменстанға, Қазақстан арқылы KTZE-Khorgos Gateway құрғақ портының ауыстырып тиеу терминалы арқылы өтті. Комбайндар арнайы платформаларда дамыған технология бойынша тасымалданды - жылдамдық пен қауіпсіздік параметрлерін сақтай отырып аптасына 50 ауыл шаруашылық машиналары өткізілді.