Кеше Қазақстан

Қазақстанда егін егу үшін қолайлы ауа райы күтілуде

Мамыр айында Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы климаттық нормаға жақын болады деп күтілуде. Алайда, он облыстың кейбір аудандарында орташа құрғақшылық болжанады. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.

Синоптиктердің айтуынша, мамыр айында орташа құрғақшылық болады деп болжануда:

  • Қостанай облысында - Амангелді, Жангелді аудандарында және ішінара Арқалық маңында
  • Батыс Қазақстан облысында - Теректі, Казталов, Жәнібек, Жаңғалы, Ақжайық және Бөкей ордасы аудандарында
  • Атырау облысында - Құрманғазы ауданында
  • Маңғыстау облысында - Бейнеу, Маңғыстау және Қарақия аудандарында
  • Қарағанды облысында - Ақтоғай және Шет аудандарында
  • Абай облысында - Аягөз ауданында
  • Алматы облысында - Балқаш ауданында,
  • Жамбыл облысында - Мойынқұм ауданында,
  • Түркістан облысында - Созақ ауданында,
  • Қызылорда облысында - Арал, Қазалы және Қармақшы аудандарында.

Сонымен бірге, Ақтөбе облысында (Қобды ауданында және Ақтөбе қаласының маңында) мамыр айында қалыпты ылғалдылық күтіледі.

Елдің қалған аумағында ылғалдандыру шарттары нормаға жақын болады.

Айта кетейік, егіс жұмыстары барлық дерлік астық егетін өңірлерде басталды, жаппай егіс 15 мамырдан бастап жоспарлануда. Елдің оңтүстігінде егін егу аяқталуға жақын.

Ағымдағы жылы 23,7 млн га егу жоспарлануда. Оның ішінде дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 16,6 млн га, майлы дақылдар — 3,3 млн га, картоп — 83,4 мың га, жемшөп дақылдары — 3,3 млн га егіледі.