Қазақстанда мақтаның жаңа ерте пісетін сұрыпы шығарылды
Мақта шаруашылығы мен бақша шаруашылығының ауылшаруашылық тәжірибе станциясының ғалымдары «Мақтаарал-5027» жаңа ерте пісетін мақта сұрыпын шығарды. Бұл сұрып Түркістан облысының ауыл шаруашылығы өндірісіне белсенді түрде енгізілуде, деп ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Мақтаарал-5027» сұрыпы ерте пісетіндер тобына жатады, өнуден бастап алғашқы қораптың ашылуына дейінгі кезең 115-117 күн. Ол гектардан 43,4 ц-ге жететін жоғары өнімділікті көрсетеді және вилтаға төзімділігімен ерекшеленеді, тек 0,1% ғана зақымданады, ал «Береке-07» бақылау сұрыпында ауру өсімдіктердің 0,3%-дан астамы болған», - деп атап өтті АШМ.
Мақтаарал-5027 мақта сұрыпы 37-38% талшық береді, талшықтың ұзындығы 33,5–33,7мм. Бұта конус тәрізді, жайылмайтын, биіктігі 120-125 см. Қорап дөңгелек, сәл кедір-бұдырлы, бес клапаны бар, жақсы ашылады және піскен кезде құламайды. 1000 тұқымның салмағы 122,5-тен 124,2 грамға дейін.
«Жаңа сұрыптың ерекшеліктеріне оның мақта көбелегі мен карадрина сияқты зиянкестерге төзімділігі, сондай-ақ талшықтың шығуындағы бақылау сұрыпынан 2,2% және талшықтың ұзындығынан 0,5 мм жоғары болуы жатады. Сұрып тыңайтқыштарды жақсы қабылдайды, кеш суаруға төзімді және машинамен жинауға жарамды», - деп Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.