10 сентября 2020 Қазақстан

Тоқаев Қостанай облысының аграршыларымен кездеседі

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына жұмыс сапары барысында фермерлермен кездеседі. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмыс сапары Қостанай облысынан басталды. Президент өңірдегі бірқатар азық-түлік және сүт өнімдерін аралап, фермерлермен және ауыл шаруашылық тауар өндірушілерімен кездесу өткізеді», - деді Берік Уәли.