15:05 Қазақстан

Қазақстанда ауыл шаруашылығы өндірісі 3,7%-ға өсті

Ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы 2025 жылғы қаңтар-шілдеде өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,7%-ға өсіп, 2442,7 млрд теңгені құрады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Есепті кезеңде Қазақстанда 454,1 млрд теңгеге өсімдік шаруашылығы, 1955,9 млрд теңгеге мал шаруашылығы, 16,2 млрд теңгеге балық шаруашылығы және аквамәдениет өнімдері өндірілді, ауыл шаруашылығы саласындағы қызметтер 2 млрд теңгеге көрсетілді.

«Ауыл шаруашылығы құрылымдарына өнім (қызмет) шығарудың жалпы көлемінен 1233,5 млрд теңге немесе жалпы көлемнің 50,5%, оның ішінде өсімдік шаруашылығында – 330,1 млрд теңге (72,7%), мал шаруашылығында – 870,7 млрд теңге (44,5%) тиесілі», – деп атап өтті статведомствода.

2025 жылғы қаңтар-шілдеде 1,020 млн тонна мал мен құс сойылып, союға өткізілді, 2255,4 мың тонна сиыр сүті сауылды, 2610,1 млн дана тауық жұмыртқасы өндірілді.

Есепті кезеңде ІҚМ саны 0,3%-ға, 8699,6 мың басқа, жылқы – 6,7%-ға, 4601,7 мың басқа, құс – 6,6%-ға, 48 029,3 мың басқа дейін өсті. Қой саны 3,7%-ға, 21 097,9 мың басқа дейін төмендеді.

Бюроның мәліметінше, 2025 жылғы шілдеде өткен аймен салыстырғанда өндірушілердің ауыл шаруашылығы өніміне баға индексі 99,5%, өсімдік шаруашылығы өніміне – 101,2%, мал шаруашылығы өніміне – 97,3% құрады.

Бағаның өсуі картопқа – 2,2%-ға, жасымыққа – 1,9%-ға, майлы дақылдар тұқымына – 1,8%-ға, бидайға – 1,5%-ға, қарақұмыққа – 1,1%-ға тіркелді. Жылыжай қияры – 4%-ға, жылыжай қызанағы – 2,6%-ға, сәбізге – 1%-ға бағаның төмендеуі байқалды.

Мал шаруашылығы өнімдерінің арасында жұмыртқа бағасы 5,3%-ға төмендеді, ал үй құстарына – 5,4%-ға, жылқыларға – 1,8%-ға, ірі қара малға – 1,4%-ға өсті.