14:00 Қазақстан

Қазақстанда ауа райының одан әрі нашарлауы күтілуде

Демалыс күндері Қазақстанның солтүстік өңірлерінде салқындау байқалды - түнгі сағаттарда теріс температура тіркелді, жекелеген аудандарда қарға көшумен жаңбыр болды. Алдағы күндері суық антициклон Қазақстан аумағы арқылы өз қозғалысын жалғастырады, енді оңтүстік өңірлерде ауа райының нашарлауы күтілуде. Бұл туралы Қазгидрометтен хабарлады.

Синоптиктердің мәліметінше, 1 қазанда Жамбыл, Алматы, Жетісу облыстарында, 2 қазанда түнде Түркістан облысында жауын-шашын (жаңбыр қарға айналады) күтіледі.

Сондай-ақ, ауа температурасы 1 қазанда күндіз 5-10 жылуға дейін төмендейді деп күтілуде, 2 қазанда түнде 1-3 градус үсік болады.

Айта кетейік, Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректері бойынша 29 қыркүйекте Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың (12 млн га) 74,9%-ы жиналды, 18 млн тонна астық бастырылды.