08:05 Қазақстан

Қазақстан Әзірбайжанға 14,5 млн тонна агроөнім жеткізуді ұсынды

Қазақстан Әзірбайжанмен экспорттық себетін кеңейтіп, оған агроөнімдерді қосуды ұсынды. Мұндай жеткізілімдердің көлемі 14,5 млн тоннаға бағаланады. Бұл туралы Астанада өткен Қазақстан-Әзірбайжан бизнес-форумында ҚР сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабеков мәлімдеді.

Сауда министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Қазақстан Әзірбайжанға дәнді және майлы дақылдар, ұн, май және картоп ұсынды.

Сонымен қатар, Қазақстан бірлескен өндірісті дамытуды және үшінші елдерге экспорттауды ұсынды.

«Біз агроөнеркәсіптік және өнеркәсіптік кооперацияда үлкен мүмкіндіктерді көріп отырмыз. Қазақстан әзербайжандық әріптестерімен бірге жаңа өндірістер құруға, қайта өңдеуді, қаптаманы дамытуға және үшінші нарықтарға шығуға дайын. Біз үшін кооперация - бұл жай ғана идея емес, компанияларға сөзден нақты келісімшарттарға көшуге көмектесетін құрал», - деді QazTrade бас директоры Айтмұхаммед Алдажаров.

ҚР Сауда министрлігінің деректері бойынша 2025 жылғы қаңтар–тамызда Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы тауар айналымы 343,3 млн долларға жетті, бұл ретте Қазақстанның экспорты 290,8 млн долларды құрады.

Форум барысында Қазақстан мен Әзірбайжан өкілдері арасындағы ынтымақтастық туралы 16 келісімге және меморандумға қол қою рәсімі өтті. Қол қойылған құжаттардың ішінде өнеркәсіп, туризм, білім беру, цифрлық технологиялар және логистика салаларындағы келісімдер бар.