16:00 Қазақстан

Синоптиктер қараша айына арналған ауа райы болжамын жариялады

Қазақстанда қарашаның бірінші аптасында тұрақсыз ауа-райы күтіледі, жауын-шашын, қарға ауысатын жаңбыр, елдің солтүстік жартысында, орталығында және шығысында негізінен қар түрінде, боран болады деп болжанады. Сондай-ақ, айдың басында жауын-шашын ҚР батыс өңірлерінде өтеді. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.

Қараша айында синоптиктер екпінді жел, көктайғақ және тұман болады деп болжайды, көбінесе елдің солтүстік, орталық және шығыс аймақтарында боран болады деп күтілуде.

Жалпы, қараша айында ауа температурасы бүкіл ел бойынша нормадан 1°С жоғары болады деп күтілуде. Қараша айында жауын-шашын мөлшері Қазақстанның үлкен аумағында нормаға жуық, республиканың батысында, солтүстік-шығысында (Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарының басым бөлігінде, Атырау, Маңғыстау облыстарының батысында, Қостанай облысының солтүстік-шығысында және Абай облысының шығысында) нормадан жоғары болады деп болжанады.

Қарашаның бірінші онкүндігінде елдің батысында ауа температурасының түнде +2+7°С-тан -2-7°С-қа дейін, күндіз +3+10°С-тан +10+18°С-қа дейін ауытқуы күтіледі, онкүндіктің соңында күндіз +15+25°С-қа дейін жылынады.

Республиканың солтүстігінде, орталығында және шығысында онкүндіктің ортасына қарай түнде -7-15°С-қа дейін, күндіз -2-10°С-қа дейін суытады, онкүндіктің соңында шығыс өңірлерді қоспағанда, температура оң мәндерге дейін көтеріледі.

Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа-райы өзгереді, термометрлердің бағаналары түнде 0-5°С-қа дейін, таулы аймақтарда -13°С-қа дейін, күндіз 0,+8°С-қа дейін төмендейді, алайда 7 қарашадан кейін +5+15°С-қа дейін айтарлықтай жылынады.

Қарашаның екінші онкүндігінде ауа температурасының түнде 0,-5°С-тан-10-18°С-қа дейін, күндіз 0,+5°С-тан 0,-8°С-қа дейін ауытқуы күтіледі. Үшінші онкүндіктің ең суық кезеңдерінде ауа температурасы түнде -15-20°С дейін, күндіз -3-10°С дейін төмендейді.

Республиканың батыс жартысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында екінші және үшінші онкүндікте түнгі уақытта ауа температурасының -3-12°С-тан 0,+7°С-қа дейін, күндіз +1+6°С-тан +8+18°С-қа дейін ауытқуы күтіледі. Елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жекелеген күндері аяз түнде -5-15°С-қа дейін, күндіз -1-6°С-қа дейін күшеюі мүмкін.